«Құралай апа» бөбекжай балабақшасы ЖШС туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Мектепке дейінгі ұйымның атауы | Түркістан қаласының «Құралай апа» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
| 2 | Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы) | Түркістан облысы ,Шардара ауданы, Шардара қаласы , Т.Мұсабаев көшесі № 24А ғимарат |
| 3 | Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт) | Ұялы телефон: 8 702 675 34 86 Электрон поштасы: kuralaiapamailru.@mail.ru Web сайт. https://kuralai-apa-bb.edu.kz/ |
| 4 | Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі | Таженова Адиша Абиловна Шардара қаласы білім бөлім басшысының 2018 жылғы 20 қараша № 1 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған. |
| 5 | Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі) | Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 03.11.2018 ж өткен. БСН 181140003312 |
| 6 | Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) | Мемлекеттік лицензия 21.08.2021 жыл № 21000024 |
| 7 | Құрылған жылы | 2018жыл |
| 8 | Типтік ғимарат | Бір қабатты ыңғайластырылған |
| 9 | Топтар саны | 4 топ |
| 10 | Балаларды оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасының ұзақтығы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | Тәрбиешілер:Ӏ ауысым; ӀӀ ауысым |
| 13 | Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпен | Жас ерекшеліктері: 4 жас — ересек топ, 25-30 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас – кіші топ, 15-20 мин |
| 14 | МҰД – ның жобалық әлеуеті | Балабақша орны 77 балаға арналған. 29.09.2025 жылы №Х32VWF00431426 |
Балабақша ғимараты 1 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 77 орындық, 4 топ жұмыс жасайды. «Балапан» ортаңғы топ 3 жас, «Зере» ортаңғы топ 3 жас, «Ақниет» ересек топ 4 жас, «Мерей» ересек топ 4 жас. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада 4 топта ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.